Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-2/626 бұйрығы (2023.31.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-2/626 бұйрығы

(2023.31.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.14.07. № 260 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 31 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді жүзеге асыру қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өндеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Мамытбеков

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

2015 жылғы «___» ________

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции