«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 260 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 260 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтардан өткізуді, тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-2/626 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12102 болып тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарына қатысты сұрыптық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Тұқымдардың сақталуын бақылау тұқымдарды орау мен таңбалауға қойылатын талаптардың сақталуын тексеруді қамтиды.
Орама тұқымдық астықтың сақталуын қамтамасыз етуі және таңбасы немесе заттаңбасы болуы тиіс, онда:
тұқымды өндірушінің атауы;
дақыл;
сорт;
репродукция;
сорттық тазалығының санаты;
егіс стандартының сыныбы;
жиналған жылы;
тұқым партиясының нөмірі;
сорттық тазалығы;
тұқымдарды дәрілеу жағдайында - химиялық немесе биологиялық препараттың атауы;
Демо – версия документа