(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2015.26.01 № 52 БҰЙРЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы органдарында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 52 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 22 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы органдарында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-қорында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 22 тамыздағы № 281 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8656 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 26 желтоқсанда 2013 жылы № 344 (27618) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанын күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Имашев |
Әділет министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 52 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы
органдарында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің
тізбесі
№ | Сараптама түрі | Сарапшылық мамандық | Мамандық шифрі |
1 | Құжаттардың сот сараптамасы | Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу | 1.1 |
Редакция документа
Демо – версия документа