«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2013 жылғы 22 тамыздағы № 281 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2013 жылғы 22 тамыздағы № 281 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 52 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі лицензиялайтын сот-сараптама қызметінің құрамына кiретiн жұмыстар түрлерiнiң тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 208 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6350 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | Д. Құсдәулетов |
Әділет министрінің міндетін атқарушы
2013 жылғы 22 тамыздағы
№ 281 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Сот сараптамасы орталығында жүргізілетін сот сараптамалары түрлерінің
тізбесі
№ | Сараптама түрі | Сарапшылық мамандық | Мамандық шифрі |
1. | Құжаттардың сот сараптамасы | Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу | 1.1 |
Құжаттарды сот-техникалық зерттеу | 1.2 | ||
Сот автортану зерттеуі | 1.3 | ||
2. | Сот портреттік сараптама | Сот-сараптамалық габитологиялық зерттеу | 2.1 |
3. | Сот бейнефонографиялық сараптама | Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу | 3.1 |
4. | Сот фототехникалық сараптама | Сот-сараптамалық фототехникалық зерттеу | 4.1 |
5. | Сот трасологиялық сараптама | Сот-сараптамалық трасологиялық зерттеу | 5.1 |
6. | Сот баллистикалық сараптама | Сот-сараптамалық баллистикалық зерттеу | 6.1 |
Документ утратил силу
Демо – версия документа