Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КОНТРАБАНДА ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӨНІНДЕГІ З...

Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 1997 жылғы 18 шілдедегі № 10 қаулысы

(2011.21.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Сотының 2008.22.12 № 7 Нормативтік қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

ҚР Сотының 2008.22.12 № 7 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қылмыстық жаза қолданылатын контрабанда жөніндегі заңды дұрыс және бiрегей қолдану мақсатында Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қаулы етедi:

ҚР Жоғарғы Сот Пленумының 30.04.99 ж. № 3 қаулысымен; 18.06.04 ж. № 3 Нормативтік қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.22.12 № 7 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.21.04. № 1 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Тауарларды немесе басқа құндылықтар мен заттарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз алып өту Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 209-бабында жауапкершілік көзделген экономикалық контрабанда болып саналады. Айналымнан алынған нәрселерді немесе айналымы шектеулі нәрселерді Кеден одағының кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз алып өту ҚК-нің 250-бабында жауапкершілік көзделген осындай тауарлардың контрабандасы болып саналады.

Қылмыстық жаза қолданылатын контрабанданы әкiмшiлiк тәртiппен жазаланатын контрабандадан, сондай-ақ тауарларды және нәрселердi кеден шекарасы арқылы өткізумен ұласқан кедендiк ережелердi бұзудан шектейтін жағдайлар iрi мөлшердегi контрабанда немесе арнайы ережелер белгiленген нәрселердi өткізу болып табылады.

Кедендiк және мемлекеттiк шекара ұғымы Қазақстан Республикасының Кеден кодексі» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңымен анықталады.

Тергеу iсiн жүргiзуде және сот құжаттарында контрабанданың iрi, аса ірі мөлшерiн және басқа тиiстi саралау белгілерiн, оның iшiнде белгiлi бiр заттарды алып кетудiң арнайы ережелерiн көрсету мiндеттi болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку