Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТ ПЛЕНУМЫНЫҢ 18.07.97 Ж. № 10 ҚАУЛЫСЫ

Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 1997 жылғы 18 шілдедегі № 10 қаулысы

(2008.22.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 21 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Сотының 2008.22.12 № 7 Нормативтік қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

ҚР Сотының 2008.22.12 № 7 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қылмыстық жаза қолданылатын контрабанда жөніндегі заңды дұрыс және бiрегей қолдану мақсатында Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қаулы етедi:

ҚР Жоғарғы Сот Пленумының 30.04.99 ж. № 3 қаулысымен; ҚР Жоғарғы Сотының 18.06.04 ж. № 3 Нормативтік қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Сотының 2008.22.12 № 7 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Тауарларды немесе басқа құнды заттар мен нәрселердi кедендiк шекара арқылы заңсыз алып өту контрабанда деп танылады.

Соттар экономикалық контрабанда кезiнде, егер оған жауапкершiлiк Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209-бабында (бұдан әрі - ҚК) көзделген болса, - мемлекеттiң экономикалық мүддесi, ал ҚК-тiң 250-бабында көзделген контрабанда болса, - қоғамдық және мемлекеттік қауiпсiздiк мүддесi негiзгi және тiкелей объект болып табылатынын ескеруi тиiс.

Қылмыстық жаза қолданылатын контрабанданы әкiмшiлiк тәртiппен жазаланатын контрабандадан, сондай-ақ тауарларды және нәрселердi кеден шекарасы арқылы өткiзумен ұласқан кедендiк ережелердi бұзудан шектейтін жағдайлар iрi мөлшердегi контрабанда немесе арнайы ережелер белгiленген нәрселердi өткiзу болып табылады.

Кедендiк және мемлекеттік шекара ұғымы Қазақстан Республикасының Кеден кодексі және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының анықталады.

Кедендiк шекара өткiзу бекеттерiнің, кедендiк постыларының қай жерде орналасқанына қарамастан еркiн кедендiк аймақтар мен еркiн қоймалар периметрiн қоспағанда құрлық аумағында, суларда, әуе кеңiстiгінде мемлекеттік шекарамен шектеседi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку