(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТ ПЛЕНУМЫНЫҢ 18.07.97 Ж. № 10 ҚАУЛЫСЫ
Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану
тәжірибесі туралы Қазақcтан Республикасының Жоғарғы
Сот Пленумының 1997 жылғы 18 шілдедегі N 10 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қылмыстық жаза қолданылатын контрабанда жөнiндегi заңды дұрыс және бiрегей қолдану мақсатында Жоғарғы Сот Пленумы қаулы етедi:
ҚР Жоғарғы Сот Пленумының 30.04.99 ж. N 3 қаулысымен 1-тармақ өзгерді;
1. Тауарларды немесе басқа құнды заттар мен нәрселердi кедендiк шекара арқылы заңсыз алып өту контрабанда деп танылады.
Соттар экономикалық контрабанда кезiнде, егер оған жауапкершiлiк ҚК-тiң 209-бабында көзделген болса, - мемлекеттiң экономикалық мүддесi, ал ҚК-тiң 250-бабында көзделген контрабанда болса, - қоғамдық және мемлекеттiк қауiпсiздiк мүддесi негiзгi және тiкелей объект болып табылатынын ескеруi тиiс.
Қылмыстық жаза қолданылатын контрабанданы әкiмшiлiк тәртiппен жазаланатын контрабандадан, сондай-ақ тауарларды және нәрселердi кеден шекарасы арқылы өткiзумен ұласқан кедендiк ережелердi бұзудан шектейтін жағдайлар iрi мөлшердегi контрабанда немесе арнайы ережелер белгiленген нәрселердi өткiзу болып табылады.
Кедендiк және мемлекеттiк шекара ұғымы Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар 1995 жылғы 20 шiлдедегі N 2368 "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығымен, оған 1995 жылғы 21 желтоқсанда және 1996 жылғы 26 қаңтарда және 22 қарашада және 1997 жылғы 9 маусымда енгiзiлген өзгертулермен және толықтырулармен және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы" Заңымен, оған 1996 жылғы 15 шiлдеде енгiзiлген өзгертулермен және толықтырулармен анықталады.
Кедендiк шекара өткiзу бекеттерiнің, кедендiк постыларының қай жерде орналасқанына қарамастан еркiн кедендiк аймақтар мен еркiн қоймалар периметрiн қоспағанда құрлық аумағында, суларда, әуе кеңiстiгінде мемлекеттiк шекарамен шектеседi.
Демо – версия документа