«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 322 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 322 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2016 жылғы 31 мамырдағы
№ 322 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Мемлекеттік театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 1211 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 58, 823-құжат).
Демо – версия документа