«Мемлекеттік театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 1211 Қаулысы (2016.27.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Мемлекеттік театрларды, мұражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 1211 Қаулысы
(2016.27.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 322 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Тұрғындар үшін театр, мәдени-демалыс және концерт іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидалары;
2) Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидалары бекітілсін.
2. ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 325 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Тұрғындар үшін театр, концерттік және мәдени-демалыс іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 27 қаулысы;
2) «Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қаңтардағы № 31 қаулысы.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 27 қазандағы
№ 1211 қаулысымен
бекітілген
Тұрғындар үшін театр, мәдени-демалыс және концерт іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі
Документ утратил силу
Демо – версия документа