(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КОНСУЛЬТ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 Қаулысы
(2022.02.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 17 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 10.05.00 ж. № 696 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді
ҚР Үкіметінің 2006.06.04. № 251 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметін ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 10.05.00 ж. № 696 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
| Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 Қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші
органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы
Нұсқаулық
ҚР Үкіметінің 10.05.00 ж. № 696 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 10.05.00 ж. № 696 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Нұсқаулықтың «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші органдар (бұдан әрі - комиссиялар) мен жұмыс топтарын құру, қызметі және таратылуы мәселелерін реттейді. Құрылуы заң актілерімен тікелей кез-келген комиссияларға осы Нұсқаулық тиісті заң актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
Редакция документа
Демо – версия документа