Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999 Ж. 16 НАУРЫЗДАҒЫ № 247 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші
органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы
нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 10.05.00 ж. № 696;
05.03.04 ж. № 279; 2005.10.02. № 135 қаулыларымен енгізілген
өзгерістерімен)

Осы редакция 2006 ж. 6 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 10.05.00 ж. № 696 қаулысымен тақырыбы өзгертілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметін ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 10.05.00 ж. № 696 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Н. Балғымбаев

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы

консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру

тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы

Нұсқаулық

ҚР Үкіметінің 10.05.00 ж. № 696 қаулысымен тақырыбы өзгертілді

1. Жалпы ережелер

ҚР Үкіметінің 10.05.00 ж. № 696 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді

1. Осы Нұсқаулықтың "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші органдар (бұдан әрі - комиссиялар) мен жұмыс топтарын құру, қызметі және таратылуы мәселелерін реттейді. Құрылуы заң актілерімен тікелей кез-келген комиссияларға осы Нұсқаулық тиісті заң актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку