Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 Қаулысы (2024.19.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 Қаулысы

(2024.19.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2024.04.10. № 820 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

ҚР Үкіметінің 2024.04.10. № 820 Қаулысымен тізбе өзгертілді (2024 ж. 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2019 жылғы 24 қазандағы

 № 798 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің

 тізбесі

 

1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi.

2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.

5. Қазақстан Республикасының Экономикалық тергеу қызметі.

6. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

7. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.

8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі.

9. Азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен əскери бөлімдері.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2019 жылғы 24 қазандағы

 № 798 қаулысына

қосымша

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции