(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА ҚҰҚЫҒЫ ...
Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 798 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Үкіметінің
2019 жылғы 24 қазандағы
№ 798 қаулысымен
бекітілген
Қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлiгi.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.
5. Қазақстан Республикасының Экономикалық тергеу қызметі.
6. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
7. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі.
Үкіметінің
2019 жылғы 24 қазандағы
№ 798 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысы.
Редакция документа
Демо – версия документа