Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ МОЛЫҚТЫР...

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 721 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 835 бірлескен бұйрығы

(2017.15.12. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Мыналар:

1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

2. «Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 431 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 474 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11792 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку