«Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 431 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 474 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 431 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 474 бірлескен бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 721 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 835 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, 13-бабы 3-тармағына, 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берілген:
1) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тексеру парағының нысаны осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес тізімде көрсетілген кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
Документ утратил силу
Демо – версия документа