(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ДИПЛОМАТТЫҚ ДӘРЕЖЕЛЕРДІ БЕРУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНІ ...
Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 29 тамыздағы № 941 Жарлығы
(2021.18.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 11-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі туралы ереже бекітілсiн.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Президентінің
2002 жылғы 29 тамыз
№ 941 Жарлығымен
бекітілген
Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңына сәйкес қолданылады және дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне (бұдан әрi қызметкерлер) дипломаттық дәрежелердi беру тәртібін реттейдi.
2. Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі
2. Қызметкерлерге мынадай дипломаттық дәрежелер берiледi:
1) атташе;
2) үшiншi хатшы;
3) II сыныпты екiншi хатшы;
4) І сыныпты екiншi хатшы;
5) ІІ сыныпты бiрiншi хатшы;
6) I сыныпты бiрiншi хатшы;
7) II сыныпты кеңесшi;
8) І сыныпты кеңесшi;
9) II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;
10) I сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;
11) Төтенше және Өкiлеттi Елшi.
ҚР Президентінің 2011.04.03. № 1167 Жарлығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2021.18.01. № 495 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Төтенше және Өкілетті Елші, І және II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежелерін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.
Редакция документа
Демо – версия документа