Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 29.08.02 Ж. № 941 ЖАРЛЫҒЫ

Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 29 тамыздағы № 941 Жарлығы

 

Осы редакция 2011 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 11-бабына сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса берiлiп отырған Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі туралы ереже бекітілсiн.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2002 жылғы 29 тамыз

№ 941 Жарлығымен

бекітілген

 

 

Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңына сәйкес қолданылады және дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне (бұдан әрi қызметкерлер) дипломаттық дәрежелердi беру тәртібін реттейдi.

 

 

2. Дипломаттық дәрежелердi беру тәртібі

 

2. Қызметкерлерге мынадай дипломаттық дәрежелер берiледi:

1) атташе;

2) үшiншi хатшы;

3) II сыныпты екiншi хатшы;

4) І сыныпты екiншi хатшы;

5) ІІ сыныпты бiрiншi хатшы;

6) I сыныпты бiрiншi хатшы;

7) II сыныпты кеңесшi;

8) І сыныпты кеңесшi;

9) II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;

10) I сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл;

11) Төтенше және Өкiлеттi Елшi.

3. Төтенше және Өкiлеттi Елшi, I және II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл дипломаттық дәрежелерiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi.

Басқа дипломаттық дәрежелердi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шетелдегi мекемелерi немесе құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi бередi.

4. Қызметкерлер үшiн дипломаттық дәрежелерде болудың мынадай мерзiмдерi белгiленедi:

1) атташе, үшiншi хатшы, ІІ және І сыныпты екiншi хатшы үшiн - екi жыл;

2) II және І сыныпты бiрiншi хатшы, ІІ сыныпты кеңесшi үшiн - үш жыл;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку