(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.30.10 № 1159 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 5 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасын индустриялық инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар (келісім бойынша):
1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) Іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен берсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 30 қазандағы
№ 1159 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың
2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары
Р/с № | Атауы | Аяқтау нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі | Қаржыландыру, көзделетін шығыстар (млн. теңге, жылдар) | Ескертпе (қаржыландыру көзі/ барлығы) | |||||||||
2015 жыл | 2016 жыл | 2017 жыл | 2018 жыл | 2019 жыл |
Редакция документа
Демо – версия документа