«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы (2018.05.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
(2018.05.05. берілген өзгерістермен)
Осы Жарлыққа түсіндірмені қараңыз
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. ҚазақстанРеспубликасыныңҮкіметі:
1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралары жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімде және тәртіп пен Бағдарламаны мониторингтеу мен бағалау нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынсын.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ ҚазақстанРеспубликасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2014 жылғы тамыздың 1-і.
№ 874
ҚР Президентінің 2016.06.09. № 315 Жарлығымен мемлекеттік бағдарлама жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 1 тамыздағы
№ 874 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың
2015-2019 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана, 2016 жыл
Мазмұны
Демо – версия документа