(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫН ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ Д...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
Осы редакция 2016 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Жарлыққа түсіндірмені қараңыз
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. ҚазақстанРеспубликасыныңҮкіметі:
1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралары жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімде және тәртіп пен Бағдарламаны мониторингтеу мен бағалау нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынсын.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ ҚазақстанРеспубликасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына (ҚазақстанРеспубликасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №25-26, 185-құжат; 2011 ж., №3-4, 39-құжат; 2012 ж., №9, 171-құжат; №47, 626-құжат; 2013 ж., №11, 200-құжат; №55, 768-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолментолықтырылсын:
«11. | Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі | 2014 жылғы 1 маусымға дейін | 2015 - 2019 жылдар | 2014 жылғы1 шілдеге дейін». |
Редакция документа
Демо – версия документа