«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы (2020.27.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы
(2020.27.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен күші жойылды
Осы Жарлыққа түсіндірмені қараңыз
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын одан әрі айқындау мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы (бұдан әрі — Стратегия) бекітілсін.
ҚР Президентінің 2018.04.08. № 723 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері өз қызметінде Стратегияны басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2014 жылғы желтоқсанның 26-ы.
№ 986
Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 986 Жарлығымен бекітілсін
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯСЫ
Астана, 2014 жыл
ҚР Президентінің 2020.27.05. № 341 Жарлығымен мазмұны өзгертілді (бұр.ред.қара)
Мазмұны
2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы оң үрдістер
2.2. Шешімін талап ететін проблемалар
2.3. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар
3.1. Мақсат және нысаналы индикаторлар
4. Түйінді бағыттар, негізгі тәсілдер және басым шаралар
4.1. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Документ утратил силу
Демо – версия документа