Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 341 Жарлығы (күші жойылды)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен күші жойылды

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығына (2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 254 (28477) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында:

мазмұнында:

«4.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру» жол мынадай редакцияда жазылсын:

«4.5. Қоғамда парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жүйесін қалыптастыру»;

«1. Кіріспе» деген бөлімде:

бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қолданылуда, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды іске асыратын уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.»;

«2. Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімде:

«2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы оң үрдістер» деген кіші бөлімде:

төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку