«Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 392 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 392 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығымен; ҚР Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8398 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 шілдедегі № 172 (28111) «Егемен Қазақстан») газетінде жарияланған:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесінде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Бюджеттік бағдарлама мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, міндеттермен, нәтиже көрсеткіштерімен немесе стратегиялық жоспарды әзірлемейтін мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өкілеттіктермен өзара байланысты бюджет шығыстарының бағытын айқындайды және нәтиже көрсеткіштері мен бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемдерін қамтиды. Бюджеттік бағдарламаның сыныптамалық коды 3 белгіден тұрады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Бюджеттік кіші бағдарлама бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі бюджет шығыстарының нақты бағыттарын ашады және бюджеттік бағдарлама сияқты ол да сол функционалдық топта, функционалдық кіші топта бекітіледі. Бюджеттік кіші бағдарламалардың 001-ден 999-ға дейінгі сыныптамалық коды болады.
Бірнеше әкімшілерге бекітілген аттас бюджеттік кіші бағдарламалар 001-ден 099 аралығындағы кодтар бойынша жіктеледі.
Егер бағдарлама кіші бағдарламаларға бөлінбесе, олардың орнына 000 сыныптамалық коды көрсетіледі.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Бюджет кодексінің 33-бабына сәйкес бюджеттік бағдарламалар мыналарға бөлінеді:
1) мазмұнына байланысты мыналарға:
Документ утратил силу
Демо – версия документа