«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығы (2024.01.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығы
(2024.01.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 179 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2022.05.03. № 249 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2024.17.07. № 456 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау және Қаржы министрлерінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
ҚР Қаржы министрінің 2024.17.07. № 456 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр | Б. Сұлтанов |
ҚР Қаржы министрінің 2024.17.07. № 456 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
Документ утратил силу
Демо – версия документа