«Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 72 бұйрығы (2014.10.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 72 бұйрығы
(2014.10.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Т.М. Савельева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрiнiң
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 72 бұйрығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау
ережесі
1. Осы Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау қағидасы (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасаудың құрылымы мен тәртiбiн айқындайды.
1. Жалпы ережелер
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013.27.06. № 196 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы (бұдан әрi - Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасы) бюджет түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектiлерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа