(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.29.10 № 1710 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2013 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы
№ 1710 қаулысымен
бекітілген
«Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.26.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтардың қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандартқа 1 және 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда жеке немесе заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банктермен (бұдан әрі - ЕДБ) кепіл туралы мәліметтерден тұратын кепіл туралы шартты немесе өзге де шартты жасасқан жағдайда ЕДБ ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЕДБ АЖ) арқылы көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 507 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
Редакция документа
Демо – версия документа