Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.29.10 № 1710 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2011 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы

№ 1710 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету
стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) кепіл ұстаушылардың мүдделерін қорғау және кепіл ұстаушының келісімінсіз кепілге берілген мүлікті иеліктен айыруға жол бермеу мақсатында темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 308-бабының, «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1948 нөмірімен тіркелген), сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - тіркеуші орган) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ балама негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны темір жол жылжымалы құрамының кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку