(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.05.05 № 485 ҚАУЛЫСЫ
Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 Қаулысы
(2013.04.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында алып өтуге карантиндік сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Импорттық карантиндік рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты;
Редакция документа
Демо – версия документа