«Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысымен бекітілген) (2012.07.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014.12.02. № 78 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 485 қаулысымен
бекітілген
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2012.07.03. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мына мекенжайда: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 707-кабинет, телефон 555786, электрондық мекенжайы fsb_grpest@minagri.kz. орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі — Комитет) ұсынады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
ҚР Үкіметінің 2012.07.03. № 305 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызмет «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 14-6-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745, «Пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 30 қарашадығы № 1396 қаулылары негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты Комитеттің стендтерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі — Министрлік) www.minagri.kz, интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы» кіші бөлімінде орналасқан.
5. Тіркеу куәлігін (бұдан әрі - куәлік) қағаз тасығышта немесе пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде ұсынылады:
1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тұтынушы тиісті құжаттарды тапсырған күннен бастап - үш жылдан көп емес;
пестицидті (улы химихатты) тіркеулік сынау жүргізу - екі жылдан аспайды;
Документ утратил силу
Демо – версия документа