«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысымен бекітілген) (2012.07.03. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014.05.03. № 199 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 485 қаулысымен
бекітілген
«Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты
(2012.07.03. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
ҚР Үкіметінің 2012.07.03. № 305 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызмет «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 4) тармақшасы, «Тұқым шаруашылығы саласындағы кейбір субъектілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mіnаgrі.kz интернет-ресурсында және осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысанда қағаз тасығышта аттестаттау туралы куәлік беру немесе жазбаша дәлелді бас тарту болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет тұқым шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс;
Документ утратил силу
Демо – версия документа