(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЖОЛ ЖҮРІСІ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ ҚР 15.07.96 Ж. № 2...
Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы
1996 ж. 15 шiлдедегi № 29-I Қазақстан Республикасының Заңы
(2013.13.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2 тарау Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару жүйесi | |
3 тарау Жол жүрiсiн ұйымдастыру және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару жүйесiн ұйымдастырудың негiзгi принциптерiн белгiлеп, қоғамдық қатынастарды реттейдi.
24.12.01 ж. № 276-11 ; 2006.10.01. № 116-III (бұр.ред.қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара); 2008.04.07. № 55-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) автомагистраль бiр-бiрiнен бөлiп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда, жол қоршауымен бөлiнген, жүрiстiң әрбiр бағыты үшiн жүру бөлiктерi бар, басқа жолдарды, теміржолдарды немесе трамвай жолдарын, жаяу немесе велосипедпен жүретiн жолдарды бiр деңгейде кесiп өтпейтiн жол;
2) жол - мемлекеттік есепке алуға жататын және көлiк құралдарының жүруiне арналған инженерлiк құрылыс кешенi болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, елдi мекен көшесi. Жол бiр немесе бiрнеше жүрiс бөлiгiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және бөлу жолақтары болған жағдайда - соларды қамтиды;
3) жол жүрiсi - адамдар мен жүктердiң жолдармен көлiк құралдарын пайдаланып не оларсыз (жүргiншiлер) жүрiсi кезiнде, сондай-ақ осы жүрiс ережелерiн реттеу процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы;
Редакция документа
Демо – версия документа