Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы
1996 ж. 15 шiлдедегi № 29-I Қазақстан Республикасының Заңы

(2006.10.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2006 ж. 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

   1 тарау   Жалпы ережелер                                  (1 - 4 баптар)
   2  тарау  Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету         (5 - 11 баптар)
             саласындағы мемлекеттік басқару жүйесi
   3   тарау Жол жүрiсiн ұйымдастыру және оның қауiпсiздiгiн (12 - 25 баптар)
             қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар
   4  тарау  Қорытынды ережелер                              (26 - 28 баптар)
 

Осы Заң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару жүйесiн ұйымдастырудың негiзгi принциптерiн белгiлеп, қоғамдық қатынастарды реттейдi.

1 тарау

Жалпы ережелер

ҚР 24.12.01 ж. № 276-11 ; 2006.10.01. № 116-III (бұр.ред.қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен мен 1-бап өзгертілді

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

- жол жүрiсi - адамдар мен жүктiң жолдармен көлiк құралдарын пайдаланып не оларсыз (жүргiншiлер) жүрiсi кезiнде, сондай-ақ осы жүрiс ережелерiн реттеу процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы;

- жол жүрiсi қауiпсiздiгi - жол-көлiк оқиғалары мен олардың зардаптарынан жол жүрiсiне қатысушылар мен мемлекеттiң қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол жүрiсiнiң жай-күйi;

- жол-көлiк оқиғасы - көлiк құралдарының жол бойында жүрiсi процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлiк құралдары, ғимараттар, жүк бүлiнген не өзге де материалдық залал келтiрген оқиға;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку