Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 маусымдағы № 782 Қаулысы (күші жойылды)

«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 маусымдағы № 782 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 18 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 520-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;

1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 12 маусымдағы

№ 782 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 27 қарашадағы

№ 1137 қаулысымен

бекітілген

 

 

Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын

біліктілік талаптары

 

1. Уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жөніндегі кіші қызмет түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

1) мыналардың болуын қамтитын жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық база:

технологиялық желі;

сынақ зертханасы;

мамандандырылған өндірістік ғимарат;

арнайы жабдықталған қойма;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку