«Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 18 Қаулысы (күші жойылды)
Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 18 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 445 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып;
2) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беруді өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлiгiнде келісетін мемлекеттік органдар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес айқындалсын.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 21 қаңтардағы
№ 18 қаулысымен
бекітілген
Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті жүзеге асыруға
қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың
тізбесі
Р/с № | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды | Құжаттар | Ескертпе | |
1 | 2 | 3 | 4 | |
Уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою бойынша кіші қызмет түрі үшін |
Документ утратил силу
Демо – версия документа