Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2012 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2009 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 2121 қаулысымен бекітілген

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

(2011.28.05. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысының 25-тармағының негізінде жүзеге асырылады.

4. «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (электронды мекенжайы: www.minjust.kz., «Сіз білесіз бе: бөлімі») интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген орталықтардың үй-жайлары мен уәкілетті органдардағы стенділерде орналастырылады.

5. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі уақытша жеке куәлік немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;

мемлекеттік қызмет алу үшін электронды сұрау салулар көзделмеген;

2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.

мемлекеттік қызмет алу үшін электронды сұрау салулар көзделмеген;

3) құжаттарды алған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку