Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.15.12 № 2121 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2009 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 2121 қаулысымен бекітілген

 

Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - жоғалған немесе жарамсыз құжаттарын қалпына келтіргенге дейін Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру рәсімі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысы 25-тармағының негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызметті аумақтық (қалалық, аудандық) әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны уақытша жеке куәлік беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) азаматтарды тіркеу екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде жасалады.

2) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды;

3) құжаттарды алған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы жүргізіледі.

Уақытша жеке куәлікті беру үшін 0,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

Растайтын құжаты төлем туралы түбіртек немесе «электронды үкіметтің» төлем шлюзы арқылы берілетін төлем туралы чек болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку