Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 207 Қаулысы (2016.12.05. берілген өзгерістермен)

Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 207 Қаулысы

(2016.12.05. берілген өзгерістермен)

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 65-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 6 ақпандағы

№ 207 қаулысымен

бекітілген

 

 

Халықаралық мектеп мәртебесін беру

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қағидалар «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 65-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және халықаралық мектеп мәртебесін беру тәртібін анықтайды.

ҚР Үкіметінің 2016.12.05. № 288 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Халықаралық мектеп мәртебесін беру халықаралық білім беру тәжірибесін жетілдіру және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне интеграциялау, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің дербес әзірленген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептердің жұмыс істеуінің қалыптасқан практикасы үшін құқықтық база құру мақсатында жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2016.12.05. № 288 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Білім беру ұйымдарының мынадай өлшемдерге сәйкестігі халықаралық мектеп мәртебесін берудің негізгі талаптары болып табылады:

1) мектептің халықаралық білім беру ұйымдарына мүше болуы;

2) мектептің халықаралық институционалды аккредиттеуден немесе Халықаралық Бакалавриат ұйымы тарапынан білім беру бағдарламаларының авторландырудан өтуі;

3) қызметтің барлық бағыттары бойынша ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции