Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.06.02 № 207 ҚАУЛЫСЫ

Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 207 Қаулысы

 

Осы редакция 2016 жылғы 12 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 65-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 6 ақпандағы

№ 207 қаулысымен

бекітілген

 

 

Халықаралық мектеп мәртебесін беру

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қағидалар «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 65-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және халықаралық мектеп мәртебесін беру тәртібін анықтайды.

2. Халықаралық мектеп мәртебесін беру халықаралық білім беру тәжірибесін жетілдіру және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне біріктіру, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің дербес әзірленген білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептердің жұмыс істеуі бойынша қалыптасқан практика үшін құқықтық база құру мақсатында жүзеге асырылады.

3. Білім беру ұйымдарының мынадай өлшемдерге сәйкестігі халықаралық мектеп мәртебесін берудің негізгі талаптары болып табылады:

1) мектептің халықаралық білім беру ұйымдарына мүше болуы;

2) мектептің халықаралық институционалды аккредиттеуден немесе Халықаралық Бакалавриат ұйымы тарапынан білім беру бағдарламаларының авторландырудан өтуі;

3) қызметтің барлық бағыттары бойынша ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету;

4) халықаралық аккредиттеу ұйымдарының талаптарына сәйкес мектеп оқушылары мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ету;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку