(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІНІҢ 2010.07.09 №...
Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйекте № 220 бұйрығы
Осы редакция 2011 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 26) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымша беріліп отырған Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төраға міндетін атқарушының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 88-б бұйрығы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3652 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жыл 27 қыркүйек № 113 болып жарияланған);
2) «Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төраға міндетін атқарушының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 88-б бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 30 бұйрығы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6057 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2010 жыл 12 наурыз № 37 (1659) болып жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін, оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
Редакция документа
Демо – версия документа