Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 88-б бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 30 Бұйрығы (күші жойылды)

«Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 88-б бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 30 Бұйрығы

 

ҚР Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйекте № 220 Бұйрығымен күші жойылды

 

 «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 25 тамыздағы № 125-ө өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асырудың мақсатында қабылдануы керек нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 88-б бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3652 тіркелді, 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 172 «Заң газетінде» жарияланған), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесінде:

3 тармақта:

1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2) домендік атау - Интернет желісіндегі адресаттың ережелеріне сәйкес қалыптастырылған, желінің объектісіне атаулы жолданымға арналған және белгілі бір желілік мекенжайға сәйкес нышандық (әріптік-цифрлы) белгі;»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку