(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.19.11 № 1888 ҚАУЛЫСЫ
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 Қаулысы
(2010.14.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 3 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.14.12. № 1357 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.14.12. № 1357 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.14.12. № 1357 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 19 қарашадағы
№ 1888 қаулысымен
бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу
ережесі
Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, медициналық қызметтің тиісті түрлеріне лицензиясы бар медициналық ұйымдарда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.
1. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Редакция документа
Демо – версия документа