«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 1357 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 1357 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «жүзеге асыру» деген сөз «ұйымдастыру және жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1357 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 19 қарашадағы
№ 1888 қаулысымен
бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді
сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу
ережесі
Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, медициналық қызметтің тиісті түрлеріне лицензиясы бар медициналық ұйымдарда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Документ утратил силу
Демо – версия документа