(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1995 Ж. 29 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1894 ҚАУЛЫСЫ
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 ж. 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы
(2011.02.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 269 қаулысымен тақырыбы мен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2008.26.06. № 610 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 19.05.03 ж. № 458; 19.01.05 ж. № 32 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар бекітілсiн:
1 қосымшаға сәйкес, лицензиялауға жататыны қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиялардың) тiзбесi;
2 және 3-қосымшаларға сәйкес лицензия мен лицензияға қосымшалар нысандарының үлгілерi.
4 қосымшаға сәйкес, санитарлық, экологиялық таукен техникалық қадағалау және мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысын қажет ететiн қызметтiң лицензияланатын түрлерiнiң тiзбесi;
5 және 6 қосымшаларға сәйкес, лицензия алу үшiн берiлетiн өтiнiштердiң формалары.
ҚР Үкіметінің 20.08.03 ж. № 837 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі лицензиялау жүйесiн жетiлдiру саласындағы мемлекеттік үйлестiрушi орган болып белгіленсiн.
ҚР Үкіметінiң 08.04.97 ж. № 505; 04.03.04 ж. № 269 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Осы қаулының 1 қосымшасында аталған мемлекеттік органдар «Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1127 қаулысының 2-тармағында көзделген лицензияланатын қызметтiң нақты түрлерiн лицензиялау тәртібі мен шарттарын әзiрлеген кезде:
қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптарын; лицензиялау кезіндегі материалдарды дайындау мен ресiмдеу бойынша жұмыстар мен қызмет көрсетулерге ақы төлеу тәртібі мен шарттарын;
Редакция документа
Демо – версия документа