(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1995 Ж. 29 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1894 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201
қаулысын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1995 ж. 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысы
(2004 ж. 8 қаңтарға берілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы N 269 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 19.05.03 ж. N 458 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар бекiтiлсiн:
1 қосымшаға сәйкес, лицензиялауға жататыны қызметтiң түрлерiне, соның iшiнде патент түрiнде, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиялардың) тiзбесi;
2 және 3 қосымшаларға сәйкес лицензиялар мен патент түрлерiнiң үлгiлерi Қызметтiң нақты лицензияланатын түрлерi бойынша лицензиялар мен патенттердiң нысанын өкiлеттiк берiлген органдар (лицензиялар) бекiтедi және олардың мағынасы аталмыш үлгiлерге сәйкес келуге тиiс;
4 қосымшаға сәйкес, санитарлық, экологиялық таукен техникалық қадағалау және мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысын қажет ететiн қызметтiң лицензияланатын түрлерiнiң тiзбесi;
5 және 6 қосымшаларға сәйкес, лицензия (патент) алу үшiн берiлетiн өтiнiштердiң формалары.
ҚР Үкіметінің 20.08.03 ж. N 837 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі лицензиялау жүйесiн жетiлдiру саласындағы мемлекеттiк үйлестiрушi орган болып белгіленсiн.
ҚР Үкiметiнiң 08.04.97 ж. N 505 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
Демо – версия документа