Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 26 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 983 ҚАУЛЫСЫ

Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi
жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 983 қаулысы

(2010.31.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2011 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасында адам құқығын бұзуға әкеп соғатын адамдарды заңсыз әкетудiң, әкелудiң және сатудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

2. Қоса берiлiп отырған:

1) Комиссия құрамы;

2) Комиссия туралы ереже бекітілсiн.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. К. Ахметов

 

ҚР Үкіметінің 2005.23.05.  № 493 (бұр. ред. қара); 2007.05.10.  № 905 (бұр.ред.қара); 2008.06.06. № 547 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.31.08. № 847 қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 26 қыркүйектегі

№ 983 қаулысымен

бекітілген

 

 

Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның

құрамы

 

Түсіпбеков Рашид

Төлеутайұлы

- Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға

 

Құсдәулетов

Дулат Рашитұлы

- Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрағаның орынбасары

 

Калюжный

Вячеслав Афанасьевич

- Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (келісім бойынша)

 

Біләлов

Берік Сұлтанғазыұлы

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция комитеті төрағасының орынбасары

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку