«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 тамыздағы № 847 қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 тамыздағы № 847 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 341 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 39, 400-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 31 тамыздағы
№ 847 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 983 қаулысымен
бекітілген
Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға |
Құсдәулетов Дулат Рашитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Калюжный Вячеслав Афанасьевич | - Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (келісім бойынша) |
Документ утратил силу
Демо – версия документа