(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЖОЛ ЖҮРІСІ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ ҚР 15.07.96 Ж. № 2...
Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы
1996 ж. 15 шiлдедегi № 29-I Қазақстан Республикасының Заңы
(2010.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2 тарау Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару жүйесi | |
3 тарау Жол жүрiсiн ұйымдастыру және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару жүйесiн ұйымдастырудың негiзгi принциптерiн белгiлеп, қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Жалпы ережелер
24.12.01 ж. № 276-11 ; 2006.10.01. № 116-III (бұр.ред.қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара); 2008.04.07. № 55-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
автомагистраль - бір-бірінен бөліп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда, жол қоршауымен бөлінген, жүрістің әрбір бағыты үшін жүру бөліктері бар, басқа жолдарды, теміржолдарды немесе трамвай жолдарын, жаяу немесе велосипедпен жүретін жолдарды бір деңгейде кесіп өтпейтін жол.
жол - мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыс кешені болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, қала мен елді мекен көшесі. Жол бір немесе бірнеше жүріс бөлігін, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерін және бөлу өңірлері болған жағдайда - соларды қамтиды;
жол жүрісі - адамдар мен жүктің жолдармен көлік құралдарын пайдаланып не оларсыз (жүргіншілер) жүрісі кезінде, сондай-ақ осы жүріс ережелерін реттеу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы;
жол жүрісі қауіпсіздігі - жол-көлік оқиғалары мен олардың зардаптарынан жол жүрісіне қатысушылар мен мемлекеттің қорғалу дәрежесін көрсететін жол жүрісінің жай-күйі;
Редакция документа
Демо – версия документа