(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2010.06.05 № 214 БҰЙРЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 Бұйрығы
Осы редакция 2010 жылғы 24 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесі бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі м.а. 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 264 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5437 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 264 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 24 қаңтардағы № 5-П бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5522 тіркелген).
3. Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті (А. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | Б. Жәмішев |
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2010 жылғы 6 мамырдағы
№ 214 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау
ережесi
1. Осы Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасаудың құрылымы мен тәртібін айқындайды.
1-тарау. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының құрылымы
Редакция документа
Демо – версия документа