«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 264 Бұйрығы (2009.24.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 264 Бұйрығы
(2009.24.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 Бұйрығымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесі бекітілсін.
2. Мемлекеттік жоспарлау әдіснамасы департаменті (Б. Бабажанова) Заң департаментімен (Д. Ешімова) бірлесіп, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы |
М. Кұсайынов |
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2008 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 264 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік
сыныптамасын жасау ережесi
1. Осы Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасаудың құрылымы мен тәртібін айқындайды.
1-тарау. Қазақстан Республикасының Бірыңғай
бюджеттік сыныптамасының құрылымы
2. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы (бұдан әрі - Бюджеттік сыныптама) бюджет түсімдері мен шығыстарын сыныптама объектілеріне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады.
3. Бюджеттік сыныптама Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының негізінде жасалады.
4. Бюджеттік сыныптама мыналарды қамтиды:
бюджет түсімдерінің сыныптамасы;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы.
Документ утратил силу
Демо – версия документа