(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ 2007.28.02 № 37-Ө ӨКІМІ
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын
іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 37-ө Өкімі
(2007.07.08. берілген өзгерістермен )
Осы редакция 2010 жылғы 21 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Yкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 28 ақпандағы
№ 37-ө өкімімен
бекітілген
ҚР Премьер-Министрінің 2007.07.08. № 213-ө Өкімімен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы
15 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебесін беру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Президенті- нің Жарлығы | Мәдениетминi | 2007 жылғы желтоқсан |
2. | Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебесін беру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Мәдениетминi | 2007 жылғы желтоқсан |
Редакция документа
Демо – версия документа